print

...

Ақпанның 27-де орталықтандырылғын кітапханада «Тәуелсіздік дәуірі» атты тұсаукесер өтті.

27 ақпанда Орталық кітапханада Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Мақсаты: Іс-шара 2017 жылы желтоқсан айында жарыққа шығып, тұсаукесер рәсімі өткізілген Елбасы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын таныстыру.

Іс-шараға студенттер мен кітапханашылар қатысты және Теміртау қаласының ақсақалдар ұйымының төрағасы Ордабаев Бірлікбай Кемалұлы шақырылды.

Тұсаукесерге қатысушылар жаңа туынды бойынша өз пікірлерін айтты. Іс-шара пікір-талас түрінде өтті.

 

Ақпанның 28-де №4 ЖББОМ-да  №2 филиалының кітапханаларымен  «Бала мен ана - өмірдегі ең басты құндылық» (1 наурыз-Алғыс айту күні) атты ойын өтті.

 Мақсаты: Балалардың «Сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру.

Кітапханашы ең бірінші өмір сыйлаған ата – анамызға, туған елімізге, президентімізге және ұстазымызға алғыс айту керектігін атап айтып өтті. Балалар тақырыпқа орай тақпақтар айтып, ризашылық күні адамдар бір – біріне қуаныш, шаттық сыйлайтындықтарын, бір – бірлеріне балалық тілек тілеп, алғыстарын білдірді.

“Жақсылық жасау әр адамның міндеті” тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, бүлдіршіндер бейнероликтен алған әсерлерімен бөлісіп, өз түйгендерін ашық айта білді.

 

 Ақпанның 28-де №1 ЖББОМ-да  №1 филиалының кітапханаларымен  «Алғыс айту және еске алу жүректе» атты тарихи сағат өткізілінді.

Мақсаты: Рахмет пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Алғыс айта білуге тәрбиелеу.

Іс –шара барысында оқушылар алғыс пен ризашылық сөзін қалай түсінетіндерін айтты. Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.

Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім. Алғыс айту күні презентация арқылы түсіндірілді.

Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім. Алғыс айту күні презентация арқылы түсіндірілді.

 

Ақпанның 28-де №6 кітапхана-филиалында  «Қонаққа құрмет – иесіне абырой» (Қазақ халқының қонақжайлылығы туралы) атты фольклорлық шеңбер өтті.

Мақсаты: президенттің бейбітшілік пен келісім саясаты туралы айта отырып, ризашылық, адамдардағы кеңпейілділік туралы түсіндіру. Бейбітшілік пен достықты қадірлей білуге үйрету, балаларда сенім ояту.

Шара барысында балаларға алғыс айту күні деп белгіленген мереке туралы түсіндірілді. Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің дәстүрлері мен қонақжайлылықтары туралы айтылды. Сондай-ақ, балалар, өлеңдер оқып, ұлттық ойындар ойнады

 

Наурыздың 1-де МБУӨО-да  №4 филиалының кітапханаларымен «Даналығы үшін халықтын,әнге қосқан,мың алғыс саған Қазақстан!» атты патриоттық сағат өтікізілінді.

Мақсаты: «1 наурыз- Алғыс айту күні» мерекесінің мәні туралы айту балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;   үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

1 наурыз – Алғыс айту күніне байланысты МБУӨО-де іс- шара өткізілді.

Аталған шарада оқушыларға әдептілік пен ізеттілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мәдениеті туралы айтылды. «Не деу керек?», ойындары ойнатылды. Оқушылар қойылған материалдар бойынша сұрақтар қойып, жауаптар алды. Оқушылар арасында флеш моб ұйымдастырылды. Әр ұлттың тағамдарына дастархан жайылып,қатысушылар мәз –мейрам болды.

 

Наурыздың 3-де №1 кітапхана-филиалында «Әйелдерді құрметтеңдер» демалыс кеші өтті.

Мақсаты: әйелдерді сегізінші наурыз мерекесімен құттықтау. Келе жатқан көктем мерекесін атап өту, мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Іс-шара жүргізушілері кітапханашы С. А. Дендор мен саңыраулар үйінің әдіскері И. А. Базарбаева мерекелерімен құттықтап, кеш қатысущыларына бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Іс-шара сурдоаудармашы Дзюбы Т. Э. қатысуымен өтті. Жүргізушілер өлеңдер оқып, ән айтып, әзіл құттықтау роликтермен презентациялар көрсетілді.

Кітапханашылардың 8 Наурыз мерекесіне дайындаған викторина сұрақтарына қонақтар қызығушылықпен жауап берді. «Әйел сенен өтен жан жоқ!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге 12 кітап қойылды, оның 4 қолға берілді.

Іс-шараға қатысушылар ерекше қызығушылық танытып, ризашылық білдірген пікірлерін қалдырды.


Келушілердің саны: 170

Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Парламенті Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы Главный сайт города Темиртау Главный сайт города Темиртау Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі