print

п/п

Жұмыс мазмұны

Күні

Жері

Қатысушылар

Жауапты

1

Мерекелік ойын «Ұландар, алға!»

Мақсаты: 7- мамыр Отан қорғаушылар күнімен балаларды құттықтай отырып, патриоттық тәрбие беру,шығармашылық қабілеттерін қалыптастыра отырып, азаматтық позицияларын жандандыру

Барысы:

Шара басында оқушыларға 7- мамыр- Отан қорғаушылар күнінің маңызы туралы түсіндірілді.Мерекелік бағдарламада түрлі сайыстар өткізілді. Онда балалар өздерінің әкелерімен түрлі тапсырмаларды орындады. Мерекеге арналған «7-мамыр-Отан қорғаушылар күні» кітаптар көрмесімен де таныстырылды. Сондай-ақ, балалар мерекеге арналған өлеңдер оқып, әнменен аяқтады.

03.05.18

кітапхана

№1 ЖББОМ 1 сын,

27 адам

№6 кітапхана- филиалы

 2  

Кездесу кеші «Отанға қызмет етуге дайынмын!» (Отан қорғаушылар күні)

Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу .

Қысқаша мазмұны: 2018 жылдың 05 мамырында «Отанға қызмет етуге дайынмын!» Отан қорғаушылар күніне арналған кездесу кешін өткізді.

Мерекелік шараға 5516 әскери бөлімінің сарбаздары, №15 қазақ мектеп –гимназиясының оқушылары мен ұстаздары қатысты. Аталған шара ҚР мемлекеттік Әнұранымен басталды. Жүргізуші балалар кітапханасының басшысы Гүлім Жумабекова қонақтарды мерекенің шығу тарихымен таныстырды. 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған меркелік шеруден бейнебаян көрсетілді. №15 қазақ мектеп – гимназиясының 6 а сынып оқушылары патриоттық әндер орындап, сарбаздарды мерекемен құттықтады.

Сарбаздар мен оқушылар викторинаға белсене қатысып, сұрақтарға ден қоя жауап берді. 5516 әскери бөлімінің сарбаздары да бірнеше патриоттық әндер шырқап, оқушыларға әскер өмірі жайында баяндап берді.

Қорытынды: Шара соңында Ерліктеріңізді мәңгі есімізде сақтаймыз» тақырыптық көрсетілімімен соңына жетті. Көрсетілімге қойылды: 12 дана. Берілді: 12 дана.

03.05.18  ОҚК оқу залы  62 адам  №5 кітапхана- филиалы
 3

03.05.18 ж. орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Под шаныраком дружбы живут народы Казахстана» атты іс-шара өткізді.

Фестивальдің мақсаты балаларға қазақстандық патриотизмды, бейбітшілікті, ұлтаралық келісімді қалыптастыру.

Іс-шара жетекшілері Мерзликина С.И. және Волкова С.А. фестивальді құттықтаумен ашты. Олар қатысушыларға Қазақстан Республикасы халықтарының достығы туралы айтып берді.

Балалар түрлі ұлттардың костюмдерінде киінген. Оқушылар назарына «Біз - Қазақстан халқы» атты тақырыптық көрме ұсынылды. Фестивальдің қатысушылары, № 15 мектеп гимназиясының оқушылары өлеңдер айтып, ән айтты, түрлі ұлт өкілдерінің ойындарын ойнады. Іс-шара Қазақстан халықтарының билерімен аяқталды.

04.05.18  кітапхана  42 адам  ОК
 4

2018 жылғы мамырдың 4 – інде №1 кітапхана – филиалының кітапханашылары

№ 4 жалпы білім беретін орта мектептің   оқушыларына Жеңіс күніне арналған «Ерлік жырын жырлаймыз» атты ерлік сабағын өткізді

Мақсаты: 1941 – 1945 жылғы соғысқа қатысқан батырлардың ерліктері туралы мәлімет беру. Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Бұл шараны №1 қалалық кітапхана - филиалының кітапханашысы Шакетова А. С. жүргізді. Кітапханашылар соғыстың басталу тарихы, соғыс майданы, соғысқа қатысқан батырлардың ерліктері жайлы мәліметтер берді. «Соғыстың өшпес жалыны» атты презентация көрсетіліп, презентацияда соғыс көріністері, майдандағы, тылдағы көріністер, батырлардың бейнелері көрсетілді.

Ұлы Отан соғысында еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіздік жарияланады.

Тиімділігі: Бұл шарада «Ұлы Жеңістің отшашуымен» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеге 15 шақты Жеңіс күніне арналған кітаптар қойылды..Кітап көрмесіне шолу жасалды. Оқушылар осы тақырыпқа байланысты өлеңдер оқыды.

Қорытынды: Бұл шара оқушыларға ұнады. Ерлік сабағы оқушылардың бойында Отанға, елге деген сүйіспеншілік қалыптастыруға үлкен сабақ болды. Батырларымыздың өмірі жастарға ержүрек болуға, елін, жерін жаудан қорғай білуге үлгі боларына сенеміз.

 04.05.18  кітапхана  

5-6 сын

21 адам

 №1 кітапхана- филиалы
5

Іс - шараның атауы: «Қазақтың-қас батыры» Қ.Қайсенов туғанына 100 жыл.

Іс- шараның мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

4 – мамыр күні ЖББОМ № 17 қазақ орта мектебінде 5 «ә» сынып оқушыларының қатысуымен Қ.Қайсеновтың туғанына 100 жыл толуына байланысты «Қазақтың-қас батыры» атты іс шара болып өтті.

Шараны №2 балалар кітапханашысы Бидай Д және №17 ЖББОМ-нің кітапханашылары Байжигитова Ж.Н. Толеубаева К.У бірігіп өткізді. Іс-шара Қ.Қайсенов өмірі мен шығармашылығы туралы слайд-презентация арқылы көрсетілді. Оқушылар Қ.Қайсеновке арналған өлеңдерді жатқа айтты.

Осылайша жалғасқан шара барысында мектеп оқушылары Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» атты повесінен театрландырылған көрініс көрсетті.

Іс-шарада Қ.Қайсеновтың тірі кезінде берген сұхпаты және «Жау тылындағы бала» повесінен қысқаша қамтылған мәліметтер бейне жазба арқылы көрсетілді.

Іс-шара соңында сұрақ-жауап викторинасы ойналытып, оқушылардың Қ.Қайсенов туралы алған білімдері бекітілді. Соңында, «Қасым шығармалары» атты кітап көрмесі болды.

Қорытынды: Қ.Қайсеновке арналған іс-шара қызықты да, көңілді өтті. Оқушылар көптеген мағлұматтар алағанын және іс-шара ұнағандарын айтты.

04.05.18 №17 ЖББОМ

5 «ә» сынып

25 адам

№2 кітапхана- филиалы
6

Тарих сабағы «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!» (9 мамыр Жеңіс күніне арналған)

Мақсаты: Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту мен қатар өз Отанына әскери борышын адал атқаруына үлесін қосуға тәрбиелеу.

Мазмұны: Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс – шараға балалар үйінен оқушылар келіп қатысты. Өз Отанына адал   кызмет ету әрбір Қазақстан азаматының борышы деп білеміз.Оқушылардың бойларынан адамгершілік пен қатар ер жүректілікті байқауға болады.Оқушылар Отан қорғау жолында қаза тапқан аға - апаларын еске алып, олардың ерліктеріне таң қалысты.Сонымен қатар Бауыржан Момышұлы туралы айтылып, кітаптары жайлы оқығандарын еске түсірді.

Қорытынды: «Соғыс туралы естелік жүректе және кітапта» атты кітап қойылымы ұсынылды. Қойылғаны: 11 дана, берілгені-10 дана.

04.05.18 кітапхана

21 адам

3-6 сынып

№5 кітапхана- филиалы
7

Ауызша журнал «Мәңгі есімізде...»

Мақсаты: тарихи естеліктер негізінде балаларға азаматтық құқықтық тәрбие беру. Өздерін өткендердің мұрагері екенін сезінуге. Танымдық қызығушылықтарын дамытуға.

Ауызша журнал алты беттен тұрады. Онда Ұлы Отан соғысының бетбұрысты бағыты туралы болды. Бұлар: соғыстың басталуы, Москва үшін шайқас, Сталинград үшін шайқас, Курс соғысы, Европа бойынша жеңіс жолдары. Әр соғыс туралы кітапханашы қызықты деректер келтіріп, балалар өлеңдер оқыды.

04–05.05.18 №1 ЖББОМ

7-9 сын

38 адам.

 

«Қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру» КММ

23 адам

№6 кітапхана- филиалы

 


Келушілердің саны: 132

Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Парламенті Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы Главный сайт города Темиртау Главный сайт города Темиртау Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі