print

2018 жылдың 29- шы   тамызында №1 кітапхана - филиалы өздері қызмет көрсететін ауданның балаларына Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған «Біз өмір сүріп жатқан Заң» тақырыбында ісшара өтті. Бұл шараны қалалық № 1 кітапхана – филиалының кітапханашылары Шакетова А. С және Дендор С. А. жүргізді.

Мақсаты: Балаларға Конституцияның мемлекеттік басты құжат ретінде маңыздылығын түсіндіру. Конституцияның ерекшеліктерін аңғартуға, елдің жетістіктерін айтуға үйрету, ой - өрістерін, пікірлерін еркін айтуға бейімдеу,өз елінің, жерінің жетістіктеріне сүйсіне білуге, өз құқығын қорғай білуге, Отанды сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Ісшара Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Кітапханашылар балаларға Конституция туралы түсінік берді. Қазақстан Республикасының Конституциясы - қазақ елінің басты саяси құқықтық құжаты болып есептелетіні, ҚР Ата Заңда бекітілген ҚР Конституциялық құрылымының негізі - ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, меншік түрлері мен ұзақ мерзімді қажеттіліктері екендігін атап айтты. Балаларға Конституцияға байланысты сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға балалар жақсы жауап беріп, өздерінің Конституция жөнінде өз білімділіктерін көрсетті. Конституцияға байланысты «Конституция Қазақ елінің – негізгі Заңы» атты әдеби көрме ұйымдастырылып, әдеби көрмеге шолу жасалды. Бұл шолуда 10 кітап қойылып, олардың 6 – ы   қаралды. Тиімділігі:Шара барысында «Қазақстан Республикасының Конституциясы бейбітшілік пен келісімнің негізі» атты презентация көрсетілді. Іс шара балаларға   ұнады. Қорытынды: Бұл шара өз мақсатына ерісті. Балалар Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы кең көлемде мәлімет алды.

 

 

 


Келушілердің саны: 32

Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Парламенті Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы Главный сайт города Темиртау Главный сайт города Темиртау Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі