print

...

           13.02.2019 жылы №3 кітапхана-филиалында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толды. Біз үшін бұл тақырып-мәңгілік қайғы-қасірет, естен кетпейтін жазылмайтын жара. Осы күнге әскери сарбаздарға арналған «Ауған лебі, бізді де айналып өтпеді» атты тарихи сұхбат өтті. №3 кітапхана-филиалының меңгерушісі Сивожелезова Н. Ю және кітапханашы Болат А. ауған соғысы туралы қысқаша мәлімет беріп, деректі сюжет көрсетілді. Шара барысында Ауған соғысында қаза тапқандарды 1 минут еске алу мақсаттында үнсіздік жарияланды. Сарбаздарға арналған «Ауған соғысының ерлерінің есімдері» және «Ауған соғысы жайлы эпизодтар» атты кітап көрмесі рәсімделді. Сонымен қатар бейнебаян көрсетілді. Қорытынды: 1979 - 1989 жылдарда, яғни 10 жылға жуық созылған бұл соғыста көптеген отбасының шаңырағы шайқалды. Қайсыбір ана жалғыз боздағынан айырылды, кейбір әйел жесір, кейбір бала әкесіз, кейбір отбасы панасыз қалды. Енді ғана азамат атанып әскер атанып әскер қатарына алынған қаншама жігіттеріміз ауған даласында жан тапсырды. Ал кейбір жауынгерлер із-түзсіз жоғалып кетті. Аяқ-қолдан айырылып қан төгіп мүгедек болғандар қаншама! Ауған соғысы- жүректе жазылмайтын, тарихта ерекше орын алатын беттер.  Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы - Отаны үшін жанын пида қылған азаматтарын мәңгі есте сақтап, құрметтеу, жас ұрпаққа отан сүйгіштіктің үлгісі ретінде насихаттау екенін ешқашан ұмытпайық. Сарбаздар Ауған соғысы жайлы көптеген мағлұматтар алды. Шара өз мақсатына жетті. 

     


Келушілердің саны: 25

Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Парламенті Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы Главный сайт города Темиртау Главный сайт города Темиртау Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі