print

...

          2019 жылдың 13 ақпанында Теміртау қаласы мәдениет сарайында Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылуына арналған «Ауғанның асуында от кешкендер» атты  шара өтті. Аталмыш шара  қалалық мәдениет сарайы «Бос уақытты мәдени өткізу» бөлімінің меңгерушісі Алдашова Роза Жақыпқызы және   №1 кітапхана филиалы кітапханашыларының ұйымдастыруымен өтті. Шара қонақтары Ауған соғысының ардагерлері: Бисолтанов Еркін Каукенұлы мен Шеров Орынбек  Сарсенбайұлы және қаламыздағы «Магнитка» ансамбль топ мүшелері , №31 кәсіптік- техникалық колледжінің  студенттері  қатысты.  Мақсаты: оқушыларға патриоттық тәрбие бере отырып, Ауған соғысына қатысушыларды  құрметтеп, сыйлауға үйрету.  Тиімділігі: Өткен шараға 60 адам қатысты. Барлық қатысушылар өтілген шараға, кітап көрмесіне үлкен қызығушылықтарын танытып, ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта осындай шаралардың өтіліп тұруына тілектерін білдірді. Қорытынды: Өткізілген шара тартымды әрі қызықты  өтті. Осындай іс-шараларды өткізу жас ұрпақтың патриотизмін, моральдық және белсенді азаматтығын тәрбиелеуге қызмет етеді. Осы бағытта №1 кітапхана – филиалы жыл сайын ауқымды жұмыстар атқарып келеді.

     


Келушілердің саны: 33

Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Парламенті Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы Главный сайт города Темиртау Главный сайт города Темиртау Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі