print

...

          2019 жылғы сәуірдің 11-і күні №1 кітапхана филиалының кітапханашылары Қаныш Сәтбаевтың 120-жылдығына арналған «Қаныш Сәтбаев – қазақтың  академигі» атты портретті кеш өткізді.  Бұл шараға №4 ЖББОМ -нің 8 «А»сынып оқушылары және кітапханашылары қатысты.

         Кітапханашылар  Шакетова А.С. Алибекова Ж.Б. көрнекті ғалым, геоглог, мемлекет қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушы әрі оның тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмір жолдары,жасаған еңбектері,  геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері, Ш.Уәлиханов жазып алған «Едіге» жырының мәтініндегі қазақ оқырмандарына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаңа орфографиясының негізінде қайтадан дайындағанын, Ұлытау өңірі ежелгі металлургия орталығы болуымен қатар қазақ этносының саяси орталығы екендігі де толық дәлелденгені, қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындағаны туралы мәлімет берді.Оқушылар Қ. Сәтбаевтың нақыл сөздерін оқыды.

         Тиімділігі: Іс – шарада «Ғалым, Геолог,   Металлург» тақырыбында презентация көрсетілді. Оқушылардың назарына Қ.И.Сәтбаевтың өмірі мен қызмет жолына арналған кітап көрмесі ұсынылып, шолу жасалды.

         Өз өмірін геология, тау-кен ісімен және металлургиямен байланыстырғысы келетін жас ұрпақ үшін көрнекті ғұлама ғалымның өмірі мен ғылыми қызметі үнемі үлгі болып, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруда оқушыларға үлкен сабақ болды.

 

 


Келушілердің саны: 31

Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Парламенті Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы Главный сайт города Темиртау Главный сайт города Темиртау Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі