print

...

          2019 жыл сәуірдің 23 күні №1 кітапхана-филиалы кітапханашылары «№4 ЖББОМ» КММ 7 «А» сынып оқушыларына «Туған жер» атты патриотизм сабағын өтті. Патриотизм сабағына 7 «А» сынып оқушылары, сынып жетекшісі және мектеп кітапханашылары Байбатшаева Н, Зейнетова Г қатысты.

          Патриоттық сабақты кітапханашы Нұржанова Ж.Қ өткізді. Кітапханашы оқушыларға Тәуелсіз еліміз өз егемендігін алғаннан күні бүгінге дейінгі жеткен жетістіктерін мақтанышпен айтып, әрбір адам өз туған елін, жерін, тілін, тарихын, салт- дәстүрін, мәдениетін құрметтеп, көз қарашығындай сақтауы керек екендігі туралы айтып өтті. Біздің ата-бабаларымыз, қазақтың хандары, билері, шешендері, батырлары жұмған жұдырықтай бірігіп, білектің күшімен, найзаның ұшымен еш аянбай елімізді жаулардан қорғап бізге аманат етіп қалдырғанын айтып, келешек ұрпақ, жастар осы аманатқа қиянат жасамай, еліміздің одан әрі дамуына, дамыған елу ел қатарына қосылуына ат салысуымыз керек екендігі және қазір технологияның дамыған заманында  сапалы білім, саналы тәрбие  алып, келешекте еліміздің дамуына кішкентайда болса өз үлестерін қосуы туралы айтып өтті. Сабақ барысында презентация көрсетіліп, Қазақстанның рәміздері, көрікті жерлері, байлықтары, жеткен жетістіктері көрсетіліп, оқушылар  Отан, туған жер туралы өз пікірлерін айтып, сұрақтарға жауап берді.

         Сабақ соңында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кітапханашы Ходжаахметова К. М. шолу жасады. Кітап көрмесіне 15 кітап қойылып, оқушылар кітаптармен танысты.

         Мектеп оқушылары және кітапханашылар өтілген  патриотизм сабағына, кітап көрмесіне үлкен қызығушылықтарын танытып, ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта осындай патриотизм сабақтарының өтіліп тұруына  тілектерін білдірді.

         Патриотизм сабағы пікірталас әрі сұрақ-жауап түрінде өте қызықты өтті. Осындай патриотизм сабағын өткізу жас ұрпақтың туған еліне, тарихына  оның мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыруға, моральдық және белсенді азаматтығын тәрбиелеуге қызмет етеді. Осы бағытта №1 кітапхана – филиалы жыл сайын ауқымды жұмыстар атқарып келеді.

   

Келушілердің саны: 34

Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Парламенті Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы Главный сайт города Темиртау Главный сайт города Темиртау Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі