Меңгеруші:
- Сивожелезова Наталья Юрьевна
Кітапхана миссиясы:
- жұмысты қоғамның әлеуметтік беймделуіне қажетті әлеуметтік институт тәрізді жүргізу керек;
- перспективалы және ағымдағы жоспарларды президенттің және ҚР Үкіметінің шешімдеріне сәйкес анықтау;
- қазіргі және болашақ ұрпаққа материалдық таратушыларда бекітілген әлеуметтік ақпаратты сақтау және тапсыру;
- кітапханалық-библиографиялық жұмыстың даму жолдарын, формасын және әдістерін анықтау;
- барлық категориядағы пайдаланушылардың ақпараттық тұтыну мониторингісін жүзеге асыру.
Мақсаттар:
- Оқырмандардың талғамының, пайдаланушылардың ақпараттық талаптары мен тілектерін қалыптастыру;
- Оқу мәдениетін тәрбиелеу;
- Үлкен ақпараттық кеңістікте беймделу;
- Пайдаланушыларға кітапханалық–библиографиялық қызмет көрсетудің сапасын арттыру.
Міндеттер:
- әр пайдаланушыға кез келген ақпарат көзін еркін пайдалануын сақтап қалу және ұсыну;
- «Жүректерде бұлақ таусылмай тұрғанда» жобасы бойынша жұмыс істеу;
- ақпараттық – библиографиялық білімді дамыту;
- жаңа технологияларды ендіру арқылы ақпараттық қызмет түрлерін кеңейту;
- пайдаланушылардың ақпараттық талаптарын зерттеп білу;
- көпшілік шараларды орыс және қазақ тілдерінде өткізу;
- материалдық-техникалық базаны бекіту.
Жұмыстағы негізгі бағыттар:
- осы бағытта жылдар бойы үш жоба және «Қорықпа, біз сенімен біргеміз» бағдарламасы әзірленді / 2000-2001/;
- «Мен бұл әлемге сенемін» /2002-2003/;
- «Оқуды дамытуда әлеуметтік бейімделуіндегі кітапхананың рөлі» бағдарламасы /2004-2006/;
- «Әлемге құштарлық көзбен қарау» /2006-2008/;
- 1.06.06. соңғы жоба бойынша мүмкіндігі шектелген балаларға арналып «Жақсылықты шеңбер бойынша жалғастыр» атты клуб ашылды.
Кітапхана қызметкерлері уақыттан қалыспайды. Кітаби-иллюстрациялық көрмелер – біздің қоғамымызда өтіп жатқан қоғамдық – саяси процесстерді бейнелейді. Әрі көпшілік шаралардың барысында Қазақстан халықтарының әдет-ғұрыптарын түсіндіргенде оқырмандарды қатыстыру қоса жүргізіледі. Кітапхана ұжымы өз жұмысында саяси бағыттан басқа халықтың бос уақытын ұйымдастырумен де шұғылданады. Жаңа жыл, 8 наурыз, Наурыз мейрамдарынды балаларға арналған ертеңгіліктер, әдеби-музыкалық кештер, конкурстар, викториналар әзірленеді. Ересектерге тақырыптық кештер, кездесу кештері өткізіледі.
№3 кітапхана-филиалы №15 қазақ мектеп-гимназиясын, №11, 31 ОМ, Политехникалық колледж, Қар ИУ, №24 КМ оқу бағдарламаларын ақпараттық қамтамасыз етуге қатысады.