print

Теміртау қаласының орталық қалалық кітапханасының тарихы

Оқырмандар үшін № 4қалалық кітапхана (болашақтағы ОҚК) 1960 жылдың сәуірінде ашылды. Кітапхана жалпы ауданы 153 м болатын кішкене ғимаратта орналасты, оның оқу залы бар еді, кітап қорыныңжиынтығы 15187 данадан тұрды. Қалалық №4 кітапхананың құрылымы мынындай еді: абонемент, оқу залы, көшпелі қор бөлімі. 1959-1960жж. Кітапханашылардың штаты -5адам болды. 1965 жылдың 2 сәуірінен бастап кітапхана меңгерушісінің лауазымынаКускова Фаина Кузьминична тағайындалды.

1968 жылы БЛКЖО 50-жылдығына байланысты кітапхана №4 қалалық жасөспірімдер кітапханасының статусын алды. Көптеген жылдар бойы кітапхана жасөспірімдер арасында мамандық таңдауда үлкен жұмыстар жүргізді.

Кітапхана мәдениет беделді және жастар мекемесі болды, онымен білім, мәдениет, денсаулық мекемелері, БАҚ ынтымақтаста қызмет істеді.

Қарағанды облыстық еңбекшілер депутаттарыкенесінің атқару комитеті шешті: 1976 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік көпшілік кітапханаларбірігу арқылы орталықтандырылған кітапханалық жүйеге, жалпы кітап қорымен және жұмыскерлер штатымен, бірыңғай басшылығымен, әдебиетті орталықтандырылған толымдау және өңдеумен орталықтандырылсын.

Қалада 1976 жылдың 1 шілдесінен бастап 2 ОКЖ құрылды: Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі (ОККЖ, оның құрамына ОК және 18 кітапхана-филиалы кірді).

Орталықтандырылған балалар кітпаханаларының жүйесі (ОБК және 10 кітапхана-филиалы).

Теміртау қаласының көпшілік кітапханаларынын орталықтандыру кезеңіне №4 жасөспірімдер кітапханасы, орталық қалалық кітапхана мәртебесін алды және мынандай құрылымы болды: ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі, әдебиетті толымдау және өндеу бөлімі, қызмет көрсету бөлімі, стационарлық емес қызмет бөлімі, біріңғай кітап қоры және өзара бірлесіп пайдалану бөлімі.

1980 жылы өнер бөлімі құрылды.

ОҚК Теміртау қаласының барлық кітапханалар жүйесі мен мекемелерінің әдістемелік және үйлестіру орталығы болды.

ОК салалық, өлкетанулық, көркем әдебиетті, ұлттық мәдениеттің қайта жаңаруына, қазақстан халықтарының тарихын жаңартуын насихаттауда үлкен де жемісті жұмыс жүргізді. ОКҚ өте үлкен Казметаллургстрой тресінің Қазақстан Магникасының оттегі цехының жұмысшыларымен бірлесе тығыз қызмет етті.

ОК 30 көшпелі кітапхана ұйымдастырылды, оларда жыл сайын 1700-ден артық оқырман болып, кітап беру 30 мың данадан асты.

ОК әр түрлі оқырмандар клубы, оқырмандар орталықтары мен бірлестіктер және жұмыстың басқа да түрлері кеңінен тарады. ОК негізінде «Ровесник»«Планета»«Лира» клубтары, «Муза» музыкалық салоны, «Элегия» әдеби-музыкалық қонақжай бөлмесі, «Кездесу» әдеби-өлкетанулық қонақжай бөлмесі және т.б. клубтар істеді.

ОК ақпараттық-бибилографиялық бөлімінің қызметкерлері қызықты да көп еңбек етті. Олар анықтамалық-ақпараттық қорды анық- тамалық – библиографиялық аппаратты, ОК өлкетанулық АБА ұйымдастырды.

Кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін көрсету мақсатында ОҚК жыл сайын ведомствоаралық семинаралар, ғылыми-практикалық конференциялар, 4 озат тәжрибе мектебі жұмыс істесе:№3 кітапхана-филиалы базасында жаратылстану-ғылыми және атеистік әдебиетті насихаттау мектебі істесе, ал №5 кітапхана-филиалы базысында ЕҒҰ клубы істеді, №9 кітапхана-филиалы базасында әскери-патриоттық тәрбие клубы, ал №16 кітапхана-филиалында оқырмандар мен жеке жұмыс клубы істеді. Жас мамандардың беймделуі мақсатында «Жас кітапханашылар мектебі» істеді. Жыл сайын«Кітапхана мамандығын таныстыру» кештері «Жылдың ең үздік жас кітапханашысы», «мамандығы бойынша ең үздік» кәсіби конкурстары өткізілді.

Теміртау қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі Қазақстанда мәдени-ағарту мекемелерін оңтайландыру кезінде 1996 жылдың 3 қарашасында Теміртау қаласының Әкімдігінің 1996 жылғы 5 шілдедегі шешімі негізінде таратылды. Кітапханалар жүйесі өзін-өзі басқаруға көшті.

Орталық қалалық кітапхана - №1 қалалық дербес кітапхананың мәртебесін алды, №1 қалалық дербес кітапхананың директоры болып Г.А.Щербакова тағайындалды, ол бұл лауазымда 1996 жылдың қарашасынан 2001 жылдың қазанына дейн істеді. 2001 жылдың қазанынан 2006 жылдың наурызына дейін кітапхана директоры В.С.Лукиных болды.

Теміртау қаласының кітапханалар бірлестігі өмірінде 2006 жыл айырықша және өзгерісті оқиға болды. Дербес кітапханалар жаңадан қайта құрылып, Теміртау қаласының «мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»ММ 31.01.06. жылғы №231 бұйрығының негізінде Теміртау қаласыныңорталықтандырылған қалалық кітапханалар жүйесі болып аталды.

Теміртау қаласының ОҚКЖ 6 мемлекеттік кітапхана бар – 5 бұрынғы дербес кітапхана және Ақтау кентінде бір кітапхана ашылды. №1 қалалық кітапхана ОҚК мәртебесін алды, оның құрамына 5 бөлім кірді: кітапханалық процесстерді автоматтандыру, КТжӨБ, АББ, қызмет көрсету бөлімі, КДБ.

2006 жылдың 1 наурызынан бастап Теміртау қаласының орталықтандырылған қалалық кітапханалар жүйесінің директоры болып Каруля М.Қ. тағайындалды.

2011 жылдың маусыман ОҚКЖ директоры болып Қадырова Гүлнәр Шайзуллина тағайындалды.

Теміртау қаласы әкімдігінің 2012 ж. 27 желтоқсандағы № 51/11 "Қаулысына сәйкес, "Теміртау қаласының мэдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ кұрамынан шығару арқылы "Теміртау қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.


Келушілердің саны: 2065

Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Парламенті Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы Главный сайт города Темиртау Главный сайт города Темиртау Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі