print

1. КІТАПХАНАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ

1.1. Осы ережелер Қарағанды облысының кітапханалары үшін дайындалды.

1.2. Кітапханалар кітаптарға, мерзімдік басылымдарға, кинофотокұжаттармен кітапханалар қорын кұрайтын басқа да материалдарды көпшіліктің пайдалануын ұйымдастырады.

1.3. Кітапхана қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігі болып есептеліп Мемлекеттің бақылауында болады.

1.4. Келешекте Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және рухани өрлеуі мақсатында кітапханалар өз қорларын тиімді пайдалануын қамтамасыз етуге шақырады.

1.5. Азаматтардың, ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың, кітапханалармен пайдалануға құқықтары бар. Ол кітапханалардың жалпыға бірдейлігін, стационарлардан тыс кітапханалық пунктерді пайдалану мүмкіндігін, ішкіжүйелік кітаптар алмасуды және баска да қызмет көрсету түрлерін қамтамасыз етеді.

1.6. Жарғыға (Ережеге) сәйкес кітапханалар пайдаланушыларға мынандай келесі қызмет түрлерін көрсетеді:

  • оқу залында және абонемент арқылы кітапхана қорымен қолдану;
  • акпараттық, анықтамалық-библиографиялық қызмет;
  • көрмелік-жарнамалық қызмет;
  • мәдени-білімділік бағдарламалар дайындау және өткізу;
  • әр түрлі әдіскерлік- библиографиялық кұралдар дайындау және көрсету.

2. ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Пайдаланушылардың құқыктары:

  • кітапханаларды тұрғылықты мекені оку орны, жұмыс орны немесе демалыс орнында пайдалануға;
  • кітапхананы пайдалануға барлық азаматтардың сондай-ақ ұжымдық абонемент болып табылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың оның қорынан өздерін қызықтырған құжаттарды алуға.

2.2. Кітапханаға жазылғанда және оку залдарын пайдалануға құқық алғандапайдаланушы жеке куәлігін беріп, окырман формулярына қажеттімәліметтерді хабарлайды. Мекен - жайын өзгерткенде, тегін өзгерткенде пайдаланушы кітапханаға хабарлауға міндетті.  16 жасқа дейінгі балалар кітапханаға ата-аналары немесе оларды қамқорлыққа алған адамдардың кепілдігі негізінде жазылады.

2.3. 15 жастан 21 жасқа дейінгі жас жігіттер мен қыздарға жасөспірімдер кітапханалары, және де ересектерге арналған кітапханалар қызмет көрсетеді.

2.4. Мектеп жасына дейінгілерге және жалпы білім беретін мектептердің 1-9 сыныптарының оқушыларына балалар кітапханалары қызмет көрсетеді.

2.5. Балалар   оқуын   басқарушылар:   мүғалімдер,   тәрбиешілер,   мектептен  тыс мекемелердің қызметкерлері, сол сияқты ата-аналар қажетті әдебиетті алу үшін балалар және жасөспірімдер кітапханаларын пайдалануларына болады. Кітапханаларда жанұялық абонемент ашылуы мүмкін.

2.6. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, еңбек мүгедектеріне кезектен тыс қызмет көрсетіледі

2.7. Пайдаланушы үйге басылымдық шығармалар мен басқа материалдарды 30 күнге дейінгі мерзімге алуына болады (балалар кітапханаларында 14 күнге дейін). Жаңа журналдарды және жоғары сұраныстағы басылымдардың пайдалану мерзімін кітапхана белгілейді. Жаңа басылымдар мен сұранысы жоғары шығармаларды алу мерзімі кітапханаларда белгіленеді.

2.8. Егер басқа пайдаланушылар тарапынан сұраныс болмаса басылым шығармаларын және басқа материалдарды қатарынан 2-мәрте алуына пайдаланушының құкығы бар.

2.9. Жоғары сұраныстағы басылымдармен, анықтамалықтармен, бір дана кұнды басылымдармен оқу залында пайдалануға болады.

2.10. Жұмыс істемейтіндер, іссапармен жүргендер және басқада пайдаланушылар кітапханалар қорын пайдалануға кұқыктары бар. Жеке жағдайларда осындай пайдаланушыларға басылым кітапхананың шешімі бойынша кітапханашы белгілеген кепілдік сомасының мөлшерін төлеген жағдайда үйге берілуі мүмкін.

2.11. Пайдаланушылар міндетті:

  • кітапхана қорынан алған кұжаттарды ұкыпты қарауға, оларға ешқандай белгі салмауға, астын сызбауға, беттерін жыртпауға және бүктемеуге, егер олар оқырман формулярында немесе басқа есепке алу құжаттарында жазылмаса кітапханадан алып шықпауға, белгіленген мерзімде қайтаруға тиіс;
  • кітапханаларда қордың орнын ауыстырмауға, каталогтармен картотекалардан карточкаларды алмауға;
  • баспасөз шығармаларын басқа да материалдарды алғанда тексеруге, егер қандай да бір бүлінген жері болса кітапханашыға ескертуге.

2.12.   Пайдаланушы (мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардан басқа), кітапханада қабылданған оқырман формулярына немесе басқа есептік құжатқа абонементте алған әрбір данасы үшін қол қояды. Оларды кітапханаға қайтарғанда пайдаланушының қатысуымен кітапханашының қолымен өтеледі.

3. ПАЙДАЛАНУШЫЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІП

3.1. Кітапхана қорына шығын келтірген пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңцарына сәйкес материалдык, кылмыстық және басқа жауапкершілікке тартылады.

3.2. Шығын келтіргендер, басылымдары жоғалтқан немесе бүлдірген жауапты пайданушылар оларды сондай басылымдар немесе көшірмелермен немесе кітапхана мойындаған тең багалы басылыммен ауыстыруға міндетті, сондай-ақ ауыстыруға мүмкіндік жоқ жағдайда басылымньң нарықтық нақты бағасын төлеуге.

3.3. Бөлімдерге сырт киіммен, сөмкемен және портфельмен кіруге рұқсат етілмейді.

3.4. Кітапхананы пайдалану ережесін бұзғандары үшін, пайдаланушылар кітапхана әкімшілігі белгілеген мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айырылуы мүмкін. Ережені бұзғаны туралы материалды қарау оқу орындарына, сол сияқты еңбек ұжымдарына, немесе, халық соттарына, құқық қорғау органдарына беріледі.

4. ТҰТЫНУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ КІТАПХАНАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

4.1. Кітапханалар міндетті:

  • тұрғындарды кітапхана көрсететін барлык қызмет түрлерімен хабардар етуге, тұрғындардың әр түрлі топтарын кітапханаға кең тарту мақсатында шаралар қабылдауға;
  • тұтынушыларды кітапхана қорымен пайдалануды қамтамасыз етуге, олардың сұраныстарын толығымен қанағаттандыру;
  • пайдаланушыларға жоғары мәдени қызмет көрсетуге және олардың кітапханадағы жұмысына қанағаттарлық жағдай жасауға;
  • қорды көпшілікке таратуда қазіргі әдістер мен формаларды қолдануға;
  • берілген құжаттардың кітапханаға қайтарылуын жүйелі түрде қадағалауға;
  • құжаттарды қайтарғанда пайдаланушылардың қолхатын кітапханашының қойған қолымен өтеуге;
  • кезекті құжаттарды үйге беру тек қана тұлынушылардан пайдалану мерзімі өткен бұрын берілген құжаттарды алғаннан кейін жүргізіледі.

КІТАПХАНАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ

Қүжаттарды пайдалану мерзімі аякталағанынан 15 күн өткеннен кейін қарызын қайтару үшін кітапханада қабылданған барлық шараларды қолдануға, ал құжаттардың нарықтық құнын төлету үшін құқық қорғау органдарына талап жолдауға дейін кұқығы бар.


Келушілердің саны: 1912

Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Парламенті Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы Главный сайт города Темиртау Главный сайт города Темиртау Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі