print

Балалар кітапханаларын пайдалану ережесі

БАЛАЛАР КІТАПХАНАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ

1.1  Осы ережелер Теміртау қаласының балалар кітапханалары үшін дайындалды.

1.2  Кітапханалар кітаптарға, мерзімдік басылымдарға, кинофотокұжаттармен кітапханалар қорын кұрайтын басқа да материалдарды көпшіліктің пайдалануын ұйымдастырады.

1.3  Кітапхана қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігі болып есептеліп Мемлекеттің бақылауында болады.

1.4  Кітапханалар кітапхананың ақпараттық, мәдени-ағарту, ойын-сауық функцияларын толық жүзеге асыру мақсатында өздерінің қорларын тиімді пайдалауды қамтамасыз етуге тиісті. Нәтижесінде балалардың зияткерлік, адамгершілік, мәдени дамды мен қоғамдық ортада әлеуметтену сұраныстары қанағаттандырылады.

1.5   Мектеп жасына дейінгі, жөлпы білім беретін мектептің 1-9 класс оқушыларының, балалар оқуын басқарушылардың, сондай-ақ ата-аналардың балалар кітапханаларын пайдалануға құқықтары бар. Ол кітапханалардың жалпыға бірдейлігін, стационарлардан тыс кітапханалық пунктерді пайдалану мүмкіндігін, және баска да қызмет көрсету түрлерін қамтамасыз етеді.

1.6  Жарғыға (Ережеге) сәйкес кітапханалар пайдаланушыларға мынандай келесі қызмет түрлерін көрсетеді:

• оқу залында және абонемент арқылы кітапхана қорымен қолдану;

• акпараттық, анықтамалық-библиографиялық қызмет;

• көрмелік-жарнамалық қызмет;

• мәдени-білімділік бағдарламалар дайындау және өткізу;

• әр түрлі әдіскерлік- библиографиялық кұралдар дайындау және көрсету.

 

2. ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1 Пайдаланушылардың құқыктары:

• тұрған жеріндегі немесе оқу орнының кітапханаларын пайдалануға;

• кітапхананы пайдалануға барлық азаматтардың оның қорынан өздерін қызықтырған құжаттарды алуға құқығы бар.

2.2 Кітапханаға жазылғанда және оку залын пайдалану құқығын алғанда, пайдаланушы кітапханаға ата-аңалары немесе қамқоршылары қолдарын қойған кепілдікті тапсырады.

жеке куәлігін беріп, окырман формулярына қажеттімәліметтерді хабарлайды. Мекен - жайын өзгерткенде, тегін өзгерткенде пайдаланушы кітапханаға хабарлауға міндетті.

2.3 Балалар оқуын ұйымдастырушылар, мұғалімдер, тәрбиешілер, мектептен тыс мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ ата-аналар қажетті әдебиетті алу үшін балалар кітапханаларын пайдалана алады.

2.4 Балалар кітапханаларында  отбасылық формуляр ашылуы мүмкін.

2.5 Пайдаланушы үйге басылымдық шығармалар мен басқа материалдарды 14 күнге дейінгі мерзімге алуына болады. Жаңа журналдар және де басқада мерзімдік басылымдар, сондай-ақ жоғарғы сұранысқа ие болған басылымдар тек қана оқу залында беріледі.

2.6 Егер басқа пайдаланушылар тарапынан сұраныс болмаса басылым шығармаларын және басқа материалдарды қатарынан 2-мәрте алуына пайдаланушының құкығы бар.

2.7 Жоғары сұраныстағы басылымдармен, анықтамалықтармен, бір дана кұнды басылымдармен оқу залында пайдалануға болады.

2.8 Балалар кітапханасы қызмет көрсетпейтін аймақтың пайдаланушылары оқу залдарында кітапхана қорларын пайдалануға құқығы бар.

2.9 Пайдаланушылар міндетті:

•кітапхана қорынан алған кұжаттарды ұкыпты қарауға, оларға ешқандай белгі салмауға, астын сызбауға, беттерін жыртпауға және бүктемеуге, егер олар оқырман формулярында немесе басқа есепке алу құжаттарында жазылмаса кітапханадан алып шықпауға, белгіленген мерзімде қайтаруға тиіс;

•кітапханаларда қордың орнын ауыстырмауға, каталогтармен картотекалардан карточкаларды алмауға;

•баспасөз шығармаларын басқа да материалдарды алғанда тексеруге, егер қандай да бір бүлінген жері болса кітапханашыға ескертуге.

3. ПАЙДАЛАНУШЫЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

3.1 Кітапхана қорына зиян келтіргендер материалдық жауапкерші тартылады. Оқырман-балалар үшін материалдық жауапкершілікке ата-аналары немесе оларды қамқорлыққа алған адамдар жауыпты.

3.2 Басылымдарды бүлдірген немесе оларды жоғалтқан пайдаланушылар оларды сондай басылымдармен, немесе кітапхана мақұлдаған тең бағалы басылыммен аустыруға міндетті.

3.3 Бөлімдерге сырт киіммен, сөмкемен және портфельмен кіруге рұқсат етілмейді.

3.4 Кітапхананы пайдалану ережесін бұзғандары үшін, пайдаланушылар кітапхана әкімшілігі белгілеген мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айырылуы мүмкін.

3.5 Ережені бұзған туралы материалдар оқу орындарына немесе ата-аналарының немесе оларды қамқақорлыққа алған адамдардың еңбек ұжымдарына қарау үшін берімді мүмкін.

 

4. БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ МІНДЕТТІ

4.1 Балалар кітапханалары міндетті:

  • тұрғындарды кітапхана көрсететін барлык қызмет түрлерімен хабардар етуге;
  • балаларды оқуға тарту үшін кітапхана жұмысының барлық шараларын қолдануға;
  • тұтынушылардың сұраныстарын толығымен қанағаттандыру;
  • пайдаланушыларға жоғары мәдени қызмет көрсетуге және олардың кітапханадағы жұмысына қанағаттарлық жағдай жасауға;
  • қорды көпшілікке таратуда қазіргі әдістер мен формаларды қолдануға;
  • берілген құжаттардың кітапханаға қайтарылуын жүйелі түрде қадағалауға;
  • кезекті құжаттарды үйге беру тек қана тұлынушылардан пайдалану мерзімі өткен бұрын берілген құжаттарды алғаннан кейін жүргізіледі.

 

5. КІТАПХАНАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ

5.1  Қүжаттарды пайдалану мерзімі аякталағанынан 15 күн өткеннен кейін қарызын қайтару үшін кітапханада қабылданған барлық шараларды қолдануға.


Келушілердің саны: 2096

Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Парламенті Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы Главный сайт города Темиртау Главный сайт города Темиртау Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі