print

Қала туралы
 

Кауц Владимир 
Александрович

 

picture

Каким был Темиртау 
50 лет назад

picture

Темиртау 
в Википедии

picture

Почетные граждане нашего города

picture

 

Теміртаудың ауданы - 30 кв.км. Нұраның солжағалауында, Қарағандыдан 35 км., жерде орналасқан. Халқы: 1945 ж. -16 мың адам, 1959 ж. -79,9 мың адам, 1985ж. -240 мың адам, 2000 ж. -181,6 мың адам. 93 ұлттық өкілдері. Самар губерниясынан келген бірінші қонысаударушылар 1905 жылы Жауыр кентін құрды. 1909 жылдан 1945 жылға дейін Самарқанд кенті. 1932 жылдан 1939 жылға дейін Самарқанд кентінде ұзындығы 38 км., болатын Қарағанды –Самарқанд суқұбыры салынды, Самарқанд су қоймасын салу Нұра өзеніне плотина салынды, ҚарГРЭС-1, құрылысы басталынды (1942 жылы сәуірде бірінші ток берілді). Негізгі өнеркәсіп орындары ҰОС жылдарында салынды – Құю механикалық зауыты, «Синтетикалық каучук» зауытты. 1942ж. сәуірде СССО қара және түсті металлдар халық комиссариатының , «Қайта балқыту металлургиялық зауытын салу» туралы жарлығы шықты 1944 жылы 31 желтоқсанда бірінші мартен пеші болат берді.

1945 жылы 1 қазанда Теміртау қаласы құрылды. 1949 жылы қалада үш өнеркәсіп орны жұмыс істеді, олар: Қазметаллургстрой құрылыс тресі, Кар ГРЭС -, «Металлург» стадионы, Демалыс және мәдениет паркі, «Строитель» және «Теміртау жұмысшысы» газеттері екі тілде шықты. 30-шы жылдары Қ.И.Сәтпаев, М.И. Русаков және А.Н.Степанскийлер Самарқанд кентінде толық циклды металлургиялық завод салудың экономикалық пайдалы екенін айтқан болатын.

1950 жылы Қарағанды металлургиялық комбинатының құрылыс алаңында бірінші қазығы қағылды. 1960 жылдың 3 маусымында №1 домна пеші бірінші Қазақстандық шойын берді – бұл күн Қарағанды металлургиялық комбинатының туған күні болып саналады. 1995 жылдың 17 қарашасында ҚМК «Испат-Кармет» ААҚ болып аталды. Бұл толық металлургиялық циклды комбинат. Оның құрамына коксохим өндірісі аглоөндірісі, 4 домна пеші, болат балқыту өндірісі, үш конверторлы конвертор цехы, копр цехы, әк күйдіру цехы, құрамдар дайындау цехы,сығу цехы, ыстықтай прокат цехы, суықтай прокат цехы, ақ қаңылтыр цехы,екі алюмоцинкілеу линиясы кіреді.

1971 жылы Теміртау Қазақстан қалаларының ішінде бірінші болып «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды.

Теміртау қаласы ҚР ірі өнеркәсіп орталығы, мұнда индустрияның негізгі кәсіпорындары шоғырланған, республикадағы шойынның, болаттың, кальций карбидінің 100%, цементтің 370% өндіріледі. Қазір мұнда 1,3 мың ірі және ұсақ кәсіпорын, 3 мың кіші және орта бизнестің субъектісі бар.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін Теміртауда «ТЕХОЛ» ЖАҚ, «КАРВОЛ» АҚ, ЖШС «ТХМЗ», ЖШС «ТРЕК», «Бидай-нан»ААҚ, «КРАСТ» ААҚ, «Рэндом» ЖИС, «Ren-milk» ЖШС –ірі өнеркәсіп орындары ашылды.

Теміртау қаласының әкімдігінің айтуынша қалада жұмыс істеп тұрған 1011 өнеркәсіп орны бар. Олардың ішінде - 109 өңдеу өнеркәсібі, 187 – құрылыс ұйымдары, сауда, автомобиль жөндеу - 263, транспорт және байланыс – 42, білім беру – 32 денсаулық сақтау – 41, коммуналдық және әлеуметтік қызмет -337. Қазакстан Республикасындағы ірі банктер – «Қазкоммербанк», «Халық банкі», «Тұран-Әлем», «Центркредит» Теміртауда филиалдары бар.

Теміртауда Қарғанды индустриялы универитеті, Қарағанды мемлекеттік және Қазірі гуманитарлық университеттерінің филиалдары бар. Теміртауда 29 мектептің 27 компьютерлендірілген. 3 кәсіптік мектеп, коммерциялық лицей, медициналық, музыкалық, политехникалық колледждер бар.

Теміртау мәдени дәстүрлерге бай. Қалада 6 қалалық кітапхана, халықтар достығы кітапханасы, ғылми-техникалық кітапхана, зағип және нашар көретіндерге арналған кітапхана, «Комсомолец» және «Мир» кинотеатрлары, Балалар және жасөспіріледер театры, Мәдениет сарайы, қалалық тарихи-өлкетану мұражайы, «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығы, ДЮЦ-ИСПАТ,үлгілі және халық көркемөнерпаздар ұжымдары бар.

Спортқа көп көңіл бөлінеді 46 спорт ұжымы, 215 спорттық құрылыстар, оның ішінде 3 стадион, 4 жүзу бассейні, мұз сарайы, есу базасы бар.

Ұлттық құрамы әртүрлі. Негізгі этникалық топтар: қазақтар, орыстар, украиндықтар, немістер, татарлар, белорустар, кәрістер және т.б. Қалада 8 ұлттық-мәдени орталық бар.

Теміртау көпконфессионалды қала. Мұнда мұсылмандар, православиялықтар, католиктер, протестантар тұрады. Барлығы 14 деноминация бар.

Теміртау біздің елімізде және шет елдерде бірінші Президенттің еңбек Отаны ретінде белгілі. 1960 жылдан 1973 жылға дейін Н.Ә.Назарбаев еңбек етті және тұрды.

Осында өзінің еңбек жолын Қазақстанның бірінші ғарышкері Тоқтар Әубәкіров бастады.


Келушілердің саны: 551

Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Парламенті Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы Главный сайт города Темиртау Главный сайт города Темиртау Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі