print

2017 жылдың 13 қараша айында №5 кітапхана-бөлмешісінің кітапханашылары №5 ЖББОМ-да «Латын әліпбиі – жарқын болашақ кепілі» атты ақпарат сағатын өткізді.

Мақсаты: Латын графикасына көшудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат тарату, қоғамдық пікір қалыптастыру. Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.

Мазмұны: № 5 қазақ орта мектебінде 9 «Ә» және 9 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен «Латын әліпбиі – жарқын болашақ кепілі» деп аталған ақпарат сағаты болып өтті. Ақпарат сағатына ҚМИУ-нің «Қазақ, орыс және ағылшын тілі» кафедрасының доценті, филология ғылымының кандидаты Ш. А. Кенен қатысты. Оқушыларға латын әліпбиі туралы, әліпбидің алғаш шығу тарихы, әлем халықтары арасында таралуы, қазіргі заманда әліпбидің қолданылуы және қажеттілігі туралы кітапханашы Таймаханова Б.М. ақпарат жасады. Тіл маманы Кенен Шынасыл Апашұлы, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламасында айтқан сананы жаңғырту жобаларына тоқталып, қазақ әліпбиінің латын графикасына өтудің маңыздылығы туралы кеңінен түсінік берді. Сонымен бірге тіл маманы оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Қорытынды: Ақпарат сағатынан оқушылар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды. Қазақ әліпбиінің латын графикасына өтудің маңыздылығын түсінді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Отзывы  

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Келушілердің саны: 582

Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Парламенті Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы Главный сайт города Темиртау Главный сайт города Темиртау Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі