"Теміртау қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" КММ

"Теміртау қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" КММ

Бір ел – бір кітап

Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілуде.

Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру.

 

«Бір ел – бір кітап — 2024» республикалық акциясы бойынша қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев шығармалары жаппай оқуға ұсынылды. Сонымен қатар биыл Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілді.

Көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазан күні Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында дүниеге келген.

Теміртау қ. ОКЖ «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткізілетін 

іс-шаралар жоспарын ұсынамыз.

Іс-шаралар атауы Өткізу түрі Мерзімі Жауаптылар
«Өзгеше ойлы қаламгер» библиографиялық жадынама қаңтар Ақпараттық библиографиялық бөлім
«Балалық шаққа саяхат» әдістемелік құрал қыркүйек Кітапханаларды дамыту бөлімі
«Халқы сүйген қаламгер» кітап көрмесі қаңтар Орталық кітапхана
«Бердібек Соқпақбаев – дала жұлдызы» бейнеролик қаңтар Орталық кітапхана
«Балалар әдебиетінің классигі» кітап көрмесі қаңтар №1 кітапхана-филиалы
«Балалар әдебиетінің классигі» жадынама тарату қаңтар №3 кітапхана-филиалы
«Көркем сөз шебері» кітап көрмесі ақпан №2 кітапхана-филиалы

(балаларға арналған)

«Бердібек Соқпақбаевтың әдеби мұрасы виртуалды шолу қыркүйек №5 кітапхана-филиалы

(балаларға арналған)

Көпшілік іс-шаралар
«Менің атым Қожа» кітабына шолу ақпан №1 кітапхана-филиалы
«Жазушы мұрасы – халық жадында» Кітап көрмесіне шолу ақпан №4 кітапхана-филиалы
«Балалық көңілдің пернесін дөп басқан» әдеби танымдық сағаты қазан №2 кітапхана-филиалы

(балаларға арналған)

«Халқы сүйген қаламгер» еске алу кеші наурыз №3 кітапхана-филиалы
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» әдеби сағат сәуір №5 кітапхана-филиалы

(балаларға арналған)

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» дөңгелек үстел сәуір №6 кітапхана-филиалы

(балаларға арналған)

«Менің атым Қожа» викториналық ойын мамыр №6 кітапхана-филиалы

(балаларға арналған)

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» әдеби кеш қазан Орталық кітапхана
«Блистательный талант- Бердибек Сокпакбаев» бейне-ролик қазан №4 кітапхана-филиалы

 

Жұмыс кестесі

Санитарлық күн - айдың соңғы жұмасы

Жұмыс кестесі

Санитарлық күн - айдың соңғы жұмасы

Байланыс ақпараты