print

2018 жылдың 21 наурызында «Теміртау қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ №1 кітапхана-филиалының алаңында «Наурызым мерекем, наурызым берекем» атты іс-шара өткізді. Қала тұрғындарына бауырсақ пен тәтті сыйлықтар таратылды. Мереке шашудан басталды. Шара барасында жүргізуші Жұмабекова Гүлім Наурыз мейрамына қысқаша тоқталып кетті. Шараға қала қонақтары С.Жаманқұлов, И.Баймырзаев және Р. Алдашева шақырылды.

Кеш қонақтары қала тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, баталарын берді.

Мереке сәнін, әнін нақышына келтіріп орындаған Ғ.Жұбанова атындағы өнер мектебінің ұстаздары мен оқушылары болды. Кітапханашылар ертегі кейіпкерлерінің костюмтерін киіп көңіл-күй жасады.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз меурамы жайлы викторина өткізілді, қазақтың «Асық», «Орамал тастау» және т.б. ұлттық ойындары ойнатылды. Ойынға қатысқан оқырмандар, көрермендер сыйлықтардан құр қалған жоқ.

Наурыз мейрамына арналған «Буккроссинг» кітап алмасу акциясы ұйымдастырылды.

 

2018 жылдың 21 наурызында «Теміртау қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ ТЮЗ алдында қала тұрғындары үшін «Қош келдің, Наурыз!» атты іс-шара өткізді.

Мерекелік шараны жүргізушілері кіші абонемент кітапханашысы Кузьмина О.В және №2 кітапхана-филиалының кітапханашысы Бидай Д. барша қала халықтарын ұлыстың ұлы күні наурызбен құттықтап, жылы лебіздер білдіріп бастады.

Мерекеге жас та, кәрі де қатысып өз қуаныштарымен бөлісті. Сондай-ақ, мерекеде түрлі қазақ ұлттық ойындар ойналды, Керханачиди Е.И мен Казакова А.В мерекелік кейіпкерлер костюмдерін киіп, олармен біргелікте ойындарға қатысып отырды.

Мерекелік шарада келген көрермендерге бауырсақтар мен наурыз көже тегін таратылды. Сонымен қатар, осы шараның қызықты өтуіне №3 ЖББОМ оқушылыры мен МҮ қызметкерлері де музыкалық жағынан өз өнерлерін көрсетіп, мерекені қыздырды.

Шараны кіріп келеген ит жылы құтты болсын деп , үлкен кісіден бата алып, аяқтадық.

 


Келушілердің саны: 214

Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Парламенті Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы Главный сайт города Темиртау Главный сайт города Темиртау Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі