print

          2018 жылдың 20-қыркүйегінде Теміртау қаласының Тілдерді дамыту орталығында Астананың 20 жылдығына орай, «Астана – бейбітшілік бесігі» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Ашық диктанттың ұйымдастырушылары Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі; Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен, облыстары әкімдіктері аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ және Достық үйлері; Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы.

          Аталмыш шараға кітапхана қызметкерлерінен барлығы 27 адам қатысты.

          Ашық диктанттың мақсаты - мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.

          Диктант жазу еліміздің барлық облыстарында бір уақытта, яғни Астана уақытымен сағат 11:00-де басталды. Ашық диктантты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ бекіткен қазақ тіліндегі мәтінді оқыды. Ашық диктантқа қатысушылардың сауатты жазуын тексеру бойынша комиссия құрамы бекітілген соң, жазу аяқталғанда диктант тексеру жұмыстары жүргізілді. Барлық қатысушылар өз білім деңгейлерін және қаншалықты сауатты жазатындықтарын көрсете алды. Қоғамның жаңа талабына сай сауатты болудың маңыздылығына назар аудара отырып, анықталған нәтиже бойынша диктантқа қатысушыларға өте жақсы, жақсы және орташа деген баға берілді.

          Қазақ тіліндегі диктантты жазып, сауатын тексеруге тек қазақ ұлтынан ғана емес, өзге де ұлт өкілдері қатысты. Соның ішінде, біздің кітапхана қызметкерлерін ерекше атап өтуге болады. Өзге ұлт өкілі Елбасымыздың «Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ» деген орайлы сөзін дәлелдеп тұр. Мәдениет қызметкерлері мемлекеттік тілді құрмет тұтатын болса қазақ тіліміз әлі де жаңғыратынына, әлемге танылатынына сенеміз.

diktant

 

 

 


Келушілердің саны: 89

Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Парламенті Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы Главный сайт города Темиртау Главный сайт города Темиртау Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі