📚 Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби кеш өтті ⚜️2025 жылғы 14 мамыр күні Теміртау қаласы Полиция басқармасының ұйымдастыруымен ұлы ақын, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби-танымдық іс-шара өтті. ⚜️Іс-шара барысында қатысушылар Абай шығармашылығымен терең танысып, оның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқыды. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының рухани бай мұрасын насихаттау, жас буынның ұлттық сана-сезімін арттыру және Абай мұрасы арқылы адамгершілікке, әділеттілікке тәрбиелеу болды. #абай180жыл