7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Орталық Кітапханада 1 курс студенттерінің қатысуымен «Ер елінің қорғаны» атты патриоттық іс-шара өтті. Шара барысында студенттер Kahoot платформасы арқылы Ұлы Отан соғысы мен соғыс қаһармандары туралы қызықты викториналық сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынады. Сонымен қатар, Жеңіс пен ерлік тақырыбында Теміртаулық ақын Қасым Ботановтың жүрек тебірентер өлеңі оқылды. Шара соңында студенттер патриоттық ән шырқап, көк туымызды желбіретіп, рухани серпіліс алды.