- Толығырық
23 сәуір “Ұлттық кітап” күніне орай кітапханадағы “Qgyrman” кітапқұмарлар клубының мүшелерінің кезекті отырысында “ Озат" ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейі КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сұраубай Гулжанмен бірлескен М.Мағауиннің "Шақан шері" кітабына талдау өткізілді. #ұлттықкітапкүні
#1айда 1 кітап
- Толығырық
23 сәуір “ Ұлттық кітапкүніне орай ұйымдастырылған кітап апталығын қорытындылап " Үздік оқырмандар шоқжұлдыздары” атты тақырыпта "Ең үздік оқырман”, “ Ең көп оқитын отбасы" оқырмандар шеруі өткізіліп, сыйлыққа кітап сыйланып " Алғыс хаттармен" марапатталды.
# ұлттықкітапкүні
- Толығырық
23 сәуір Ұлттық кітап күніне кітапханада кітап сыйлау акциясы ұйымдастырылды.
- Толығырық
ҰЛТТЫҚ КҮНІ аясында Теміртау қаласының 5 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен "Кітап досың, ақылшын" атты @ozat_school_temirtau оқушыларымен ойын-саяхат өткізілді.
- Толығырық
Ұлттық кітап күніне орай «Кітапхананың түнгі әлемі» атты тақырыппен кітапхана түні өтті. “Кітапхана түні” оқырмандар үшін ойын алаңдарында бесасық, твистер мен қатар библиолото сияқты интеллектуалды ойындар ойнатылып, шеберлік сағаттарында аквагримм, жұмыртқа бояудан шеберлік сағаттары өтті. Сонымен бірге келушілер “Әуенді тап” музыкалық ойынына белсене қатысып Гарри Поттердің Сиқырлы бөлмесінде де қызықты сұрақтарға жауап беріп, фильмдер көрді.
Осылайша басталған “Кітапхана түні” ертегідей безендірілген “Би алаңдағы” көңілді кешке ұласты.
- Толығырық
“Теміртау қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі” КММ қаламыздың ақыны, суретшісі И.А.Елевтериадидің 70-жылдығына арналған шығармашылық кеші өтті.
Иван Антонович Елевтериадиді қала әкімінің орынбасары С.С.Зияшев және қалалық маслихаттың төрағасы А.Б.Ломакин құрметпен құттықтады.
Сонымен қатар Теміртау қаласының ардагерлер кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасының жазушылар Одағының мүшесі Руза Жақыпқызы құттықтап жылы лебізін білдірді.
Иван Антонович Елевтериади 1959 жылдан бастап Теміртау қаласында тұрады.
“Магнит” әдеби бірлестігінің мүшесі.
Қарағанды облысы жазушылар Одағының, сонымен қатар Халықаралық орыс тілді грек ақындарының әділқазылар одағының мүшесі.
2009 жылы Астана қаласында шыққан “Жемчужина Казахстана” атты ұжымдық жинағының және 2005 жылы жарыққа шыққан “Бессоница” өлеңдер жинағының авторы.
Шығармашылық кеште “Қарақат” студиясы өнерпаздары өнер көрсетті.
Иван Антоновичке қала жазушылары, суретші және қаламыздың белсенділері де өз құттықтауларын білдірді.
- Толығырық
Бүгін кітапханамыз оқу залында “ С.Мұқанов-қазақ әдебиетінің классигі” тақырыбында @kguosch_3_temirtau оқушыларымен әдеби кездесу сабағы болып өтті.
Мақсатымыз: қазақтың әйгілі классигі,қоғам қайраткері,Қазақстан ғылым академиясы академигі Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына арнап,өмірі мен шығармаларын паш ету
Осы тақырыпта мектепаралық жобаға қатысып жатқан оқушыларға бағыт бағдар,түсініктер берілді #кітапхана #сәбитмұқанов
- Толығырық
https://www.instagram.com/bekturov_library Ж.Бектұров атындағы ОЖК “Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын” челленджін қабылдап алып, https://www.instagram.com/nura_kitaphana Нұра аудандық ОКЖ ұжымына жолдаймыз!
- Толығырық
Теміртау қаласының орталық кітапханасында Ziatkerlik Modernizasia жобасы аясында Оралхан Бөкейдің Атау-кере шығармасын талқылау алаңы өтті. Әдеби шараға педагогтер, оқушылар мен кітапсүйер қауым қатысып, туындының көркемдік ерекшеліктері мен терең философиясын талдады.
🔹 Мақсатымыз – оқу сауаттылығын арттыру, қазақ тілінің қолданысын кеңейту және кітап оқуға қызығушылықты ояту!
📖 Қазақ әдебиетін бірге зерттейік, ой бөлісейік!
Орталық кітапхананың «Oqyrman» кітапқұмарлар клубының кезекті отырысына Қарағанды қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Толеубике Рымкановна Байжигитова, Қарағанды қаласы Абай атындағы мектеп-гимназиясының директоры Баймолдина Жадыра Сабырқызының бастауымен «Ziatkerlik Modernizasia» жобасы аясында қазақ әдебиетінің классигі Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» шығармасына талқылау алаңы ұйымдастырылды.
Оралхан Бөкей – қазақ прозасының дара тұлғаларының бірі, оның шығармалары табиғат пен адам жанының терең байланысын суреттеуімен ерекше. Атау-кере романы – жазушының өмір, тағдыр, моральдық құндылықтар жөніндегі ой-толғамдарының көрінісі. Оқырмандар кейіпкерлердің ішкі әлеміне үңіліп, олардың тағдырын қазіргі заманмен байланыстыра отырып талдады.
Осындай әдеби шаралар қазақ тілінің мәртебесін нығайтып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге ықпал етеді. Алдағы уақытта да оқырмандар қауымын біріктіретін маңызды кездесулер мен талқылаулар ұйымдастыру жоспарлануда.
https://www.instagram.com/madeniet_til_sport_temirtau
https://www.instagram.com/goroo_krg
https://www.instagram.com/abai.104_krg
Іс-шарамызға сән келтірген https://www.instagram.com/karakat_studiya_temirtau жас өнерпаздарына Алғыс білдіреміз!🌹
- Толығырық
Өз ұлтының руханиятына ғұмырын арнаған жазушы Мұхтар Мағауиннің 85 жылдық мерейтойына орай, жазушының шығармашылығымен тереңірек танысу мақсатында оқушыларымызды қалалық орталық кітапханаға алып бардық. Жазушының 1980-1982 жылдары жарық көрген шығармаларын көріп, қазақ әдебиетінің алтын қазыналары көз алдымызға елестеді, ал “Аласапыран” романы көп қазақ отбасыларның кітапханасынан орын тапқаны белгілі. Кітапхана қызметкерлері бізге жазушының шығармашылығы жайлы мол ақпарат беріп, әр туындысының қыр-сырын ашып берді. Олардың сыпайылығы мен кәсібилігі бізге үлкен әсер қалдырды. Өкінішке орай, заңғар жазушы 10 қаңтар күні мәңгілік сапарға аттанды.
