- Толығырық
📚 Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби кеш өтті ⚜️2025 жылғы 14 мамыр күні Теміртау қаласы Полиция басқармасының ұйымдастыруымен ұлы ақын, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби-танымдық іс-шара өтті. ⚜️Іс-шара барысында қатысушылар Абай шығармашылығымен терең танысып, оның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқыды. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының рухани бай мұрасын насихаттау, жас буынның ұлттық сана-сезімін арттыру және Абай мұрасы арқылы адамгершілікке, әділеттілікке тәрбиелеу болды. #абай180жыл
- Толығырық
13-16 мамыр аралығында орталық кітапханада жаңадан қабылданған кітарханашылар үшін біліктілік курстары басталды.
- Толығырық
Аналар күні – әлемнің көптеген елдерінде анаға құрмет көрсетіп, оның мейірімі мен қамқорлығы үшін алғыс айту мақсатында атап өтілетін маңызды мереке. «Анаға -тағзым,Анаға-құрмет» челленджі аясында кітапхана қызметкерлері аналар мерекесімен құттықтап, ізгі тілек,ыстық ықыластарын жолдайды.
- Толығырық
9 мамыр — ерлік пен күш-жігердің, қайсарлықтың символы. Қазіргі ұрпақтың бейбіт аспан астында өмір сүруіне жанын берген батырлардың ерлігіне мың тағзым! Ардагерлерге алғысымыз шексіз.
- Толығырық
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Орталық Кітапханада 1 курс студенттерінің қатысуымен «Ер елінің қорғаны» атты патриоттық іс-шара өтті. Шара барысында студенттер Kahoot платформасы арқылы Ұлы Отан соғысы мен соғыс қаһармандары туралы қызықты викториналық сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынады. Сонымен қатар, Жеңіс пен ерлік тақырыбында Теміртаулық ақын Қасым Ботановтың жүрек тебірентер өлеңі оқылды. Шара соңында студенттер патриоттық ән шырқап, көк туымызды желбіретіп, рухани серпіліс алды.
- Толығырық
Орталық кітапханада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Бақыт гүлін терген күн» атты байқау өтті. Байқауға 17 оқушы қатысты. Қатысушылар жеребе арқылы реттік нөмірлерін анықтап, Жеңіске арналған жүрек тебірентер жырларды нақышына келтіре оқыды. Шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
- Толығырық
- Толығырық
Мақсат: жас оқырмандарды Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесінің шығу тарихымен таныстыру; сәйкес әдебиеттерді оқуға қызығушылықты арттыру. 2025 жылғы 28 сәуірде №6 балалар бөлімшесінде Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған “Біз көппіз, бірақ біргеміз” атты іс-шара өтті. Балалар импровизацияланған жәрмеңкеге қатысып, көптеген қызықты тапсырмаларды орындай алды. Тапсырмаларды орындау барысында олар Қазақстандағы түрлі халықтардың мәдениеті туралы көп жаңа әрі қызықты мағлұмат алды және “оқырмандық тиындар” (читалики) жинай алды. Іс-шара соңында балалар кәдесыйлар мен тәттілердің “жәрмеңкесіне” қуана қатысты.
